10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла тағаланың пендесіне берер қымбат 5 нәрсесі

Алла тағаланың пендесіне берер қымбат 5 нәрсесі

Иман келтіру

Мұсылман пенде нығметке қуанып, белгілі бір табысқа жеткенде, шүкіршілік етіп, Алланы мадақтап, ұлықтауы керек. Ол үшін «Әлхамдулилләһ» деп шын жүректен айтуы тиіс.

Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде былай деген екен: «Алла тағала кімге бес нәрсені берсе, үстеме ретінде тағы да бес нәрсе береді:

1. Шүкіршілік берсе, ризығын арттырады;

2. Дұғагөйлік берсе, дұғасын қабыл етеді;

3. Истиғфар тілеуді берсе, кешірім жасайды;

4. Тәубешілік берсе, тәубесін қабыл алады;

5. Жомарттық берсе, садақасын қабыл етеді».

Егер Алланың саған берген нығметін есіңе алатын болсаң, шашыңнан бастап аяғыңның ұшына дейін толған сансыз нығмет екенін түсінесің. Хақ тағала: «Ол сендерге көрінетін және көрінбейтін нығметтерін сыйлады» деп осыған назар аудартады («Лұқман» сүресі, 20-аят). Сонымен қатар «Ендеше, Рабыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер»?! дейді. Иә, аяғыңнан айырылсаң жербетінде жүру оңай бола ма?! Егер аурудың себебінен ұйқысыздыққа тап болсаң, ұйқы ләззатын сезіну қалай болар екен!? Қалаған тағаммен толтыра тойып ішіп жүрген асқазаның, ас қорыта алмайтын сырқатқа тап болса, жағдайымыз қалай болмақ?! Еститін құлақ, көретін көз нығметіне ойланып қара. Ыстық-суықты сезетін, алапестен аман болған теріңе қара. Көзіңді таудай алтынға берер ме едің?! Құлағыңды күміске сатар ма едің?! Тіліңді патша сарайына айырбастап, мылқау болуды қалайсың ба?! Бағалы маржан мен жақұтқа қолыңды айырбастап шолақ болуды қалайсың ба?! Расында сен мол нығметке иесің, бірақ оның қадірін білмей жабырқаулы күн кешесің.

Қолыңда бақыт кілті тұрса да, қолдың кірі ақшаға бола мазасызданасың. Нығмет – қазынаға толы байлық, соған ақыл жүгірт және шүкіршілік ет. Жаббар иеміз: «Тұла бойларың тұнып тұрған нығмет, көрмейсіңдер ме?» («Әз-Зәрият» сүресі, 20-аят) дегендей өз бойыңа қарап ойлан, отбасыңа, туысқандарыңа, амалыңа, денсаулығыңа, достарыңа және айналаңа қарап пікір қыл. Өкінішке орай, Құранда айтылғандай: «Олар Алланың нығметін мойындайды да кейін қарсы келеді» («Нахыл» сүресі, 83-аят).

Шүкіршілікті әр түрлі жолмен көрсетуге болады. Қолынан келмейтінін біліп, Алланың берген шексіз нығметтерінен ұялу, Оған аз шүкірлік ететінін мойындау да шүкірлік. Хақ тағаланың жұмсақтығы мен жасырушы екенін білу, берген нығметтеріне кішіпейілділікпен қарап, оны көркем түрде пайдалану, кішігірім нығметтің өзін ең үлкен нығмет деп қабылдау, Жаратушымыздың берген нығметтеріне шүкірлік қылукерек екенін үйреткен адамға рахмет айту – осының бәрі де өз кезегінде шүкіршілік. Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім адамдарға шүкірлік етпесе, Аллаға да шүкірлік етпейді» деген (Тирмизи). Әбу Бәкір (р.а.): «Пайғамбарға (с.а.с.) қуанышты хабар келсе немесе Алла тағала оны сүйіншілесе, дереу шүкірлік ету үшін сәждеге жығылатын», – деген.

Мұндай шүкір сәждесі естеріңізде болсын, дәретпен де, дәретсіз де жасала береді. Алла тағаланың берген көзге көрінетін сыртқы нығметтері және көзге көрінбейтін ішкі нығметтері бар:

1. Көзге көрінетін нығметтерге: Денсаулық, мал-байлық, жақсы қызмет-мансап және т.б.

2. Көзге көрінбейтін нығметтерге: Тура жолда болу, ынталы жүрек, Аллаға ризалық білдіру, Алланы жақсы көру, көркем мінез және т.б. жатады. Адамдардың көбі елей бермейтін ұлы нығметтер де бар. Әрине, оны білмегендіктен адамдардың көбі оған шүкіршілік етпейді.

«Судың да сұрауы бар» демекші, бір иманды жан мұсылмандардың басшысына кіріп, оған су ұсынады да: «Уа, мұсылмандардың басшысы! Егер дүние және ондағы қызықты мына бір жұтым суды ішу үшін пида қылар ма едіңіз?» дегенде ол басын изейді. Сонда әлгі: «Ендеше, суды ішіңіз, Алла берекесін берсін» – деп ризалығын танытыпты. Кейін суды ішіп болған соң: «Уа, мұсылмандардың басшысы! Егер дүние және ондағы қызықты мына бір жұтым суды қайта шығару жолында пида қылар ма едіңіз?» – дегенде, тағы да бас изейді. Сонда жолаушы: «Сол бір жұтым су бүкілдүниемен салыстырғанда сіз үшін қайырлы, – деп мұсылмандар үшін дүниенің Алланың берген бір жұтым су нығметінің жанында қадірінің қаншалықты екенін көрсеткен.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шүкіршілік етіп, әрдайым құлшылықты ұмытпауға үйрететін бір дұғасы бар. Онда былай делінеді: «Иә, Алла! Біздің саған шүкіршілік етіп, Сені әрдайым еске алып, Саған көркем түрде құлшылық етуімізге жәрдеміңді бер!» (Ахмад, Әбу Нағим).

материал «Үміт сәулесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: