10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шынайы достық пен бауырмашылдық жемістері

Шынайы достық пен бауырмашылдық жемістері

Иман келтіру

Шынайы достық пен бауырмашылдық жемістері:

Алла Тағаланың махаббаты нәсіп болады. Құдси хадисте: «Кімде-кім менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көрсе, мәжілістес (бір отырыста болу) болса, бір-біріне зиярат жасаса, бір-біріне жәрдемдессе, менің махаббатым оған нәсіп болады» делінген (Әз-Зарқанидің  әлә Муатта ибн Мәликке жасаған шархы №1731).

Алланың құрметіне ие болады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім біреуді Алланың разылығы үшін жақсы көрсе, дәрежесін көтереді» (Ахмад хадистер жинағында келген) деген.

Алланың аршысының көлеңкесінде болады. Әбу Хурайрадан жеткен хадис бойынша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Алла Тағала қиямет күні айтады: «Менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көргендерге бүгін ешкімге көлеңке нәсіп етпеген күні оларға көлеңке нәсіп болады» (Муслим хадистер жинағы).

Иман ләззәтін сезінеді. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім иманның ләззәтін сезінуді қаласа, Алла разылығы үшін бір адамды жақсы көрсін» (Ахмад хадистер жинағында келген).

Иман кемелдігі. Әби Умамадан жеткен хадис бойынша Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім Алла разылығы үшін жақсы көрсе, жек көрсе, садақа берсе, бас тартса, иманының кәмілдігінің белгісі» (Әбу Дәуід хадистер жинағы).

Жәннәтқа кіреді. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Иман келтірмейінше жәннәтқа кірмейсіндер және бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше толық иман келтірмейсіңдер, бір-бірлеріңді жақсы көруге апарар жолды көрсетейін бе? Араларыңда сәлем жайыңдар» (Муслим хадистер жинағы).

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: