22
Жұма,
Қараша

һижри

Жүрек дерті мына алты нәрседен пайда болады

Жүрек дерті мына алты нәрседен пайда болады

Иман келтіру

Шынында жүрек қарайғанда құлшылық жасау қиын болып қалады, күнә істеу оңай болады. Күнә істеген адам дүниеде және ақыретте үлкен қиыншылықтарға тап болады. Күнә істеуді жалғастырған адамдардың уақыт өте жүректері мөрленеді. Ол адам сауап істей алмайтын болып қалады.

Дерт – ол күнәлар, оның дауасы – истиғфар. Адамдардың басына келетін барлық қиыншылықтар күнәлардың кесірінен келеді.

Хасан әл-Басри (р.а) жүрек дерті алты нәрседен пайда болады деген. Олар:

1. Тәубе үмітінде күнә істей беру;

2. Білгенін орындамай, ілім алуды жалғастыру;

3. Істеген ісінде ықылассыз болу;

4. Алланың ризығына шүкір етпей жей беру;

5. Алланың берген несібесіне разы болмау;

6. Өлімді көріп, ғибрат алмау.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: