11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Адам баласы неліктен Жәннатты аңсайды?

Адам баласы неліктен Жәннатты аңсайды?

Иман келтіру

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізген құдси хадисте Алла Тағала былай деген: «Салиқалы пенделерім үшін көз көрмеген, құлақ естімеген, адам баласының ойына келмеген нәрселерді әзірлеп қойдым» (Фатху әл-бари, 8/515).

Расында да Жәннат – әрбір пенденің аңсайтын мекені. Ол адам баласының табиғатында бар дүние. Соңында мәңгі тұрағының сонда болғанын қалайды. Өйткені, адам балаларының атасы Адам ата мен Хауа анамыз Жәннатта өмір сүрді. Олар Жәннатты көрді. Сондықтан біздің табиғатымызда ол арман бар. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жәннаттан бәрің түсіңдер», - деп бұйрық берді («Бақара» сүресі, 38-аят).

Міне, сол уақыттан бастап адамзат тіршілігі жер бетіне ауысты. Содан соң Раббымыз адамдарға тура жол жіберетінін, онымен жүретіндердің екі дүниеде де рахатқа бөленетінін хабарлады. Ал осы бұйрыққа көңіл бөліп, ізгі амалдар жасап өткен пенденің арғы дүниеде көретін сый-сияпаты Жәннат болады. Сол үшін ізгі құлдарға арналған Жәннат жайында ондағы сақтаулы сыйлықтың сипаты мен көлемін тілмен жеткізу әсте мүмкін емес. Оған бұл дүниедегі тірі жанның пайымы да жетпейді.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: