17
Жұма,
Мамыр

һижри

Алланың 99 есімін жаттағандар жұмаққа бара ма?

Алланың 99 есімін жаттағандар жұмаққа бара ма?

Иман келтіру

Құранда және хадистерде Алланың тоқсан тоғыз есімі аталады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алланың көркем есімдерін айту (Әсма-и хусна) арқылы дұға жасауды үйреткен. «Кім Исми ағзаммен дұға етсе, Алла оған жауап береді, кім сол арқылы тілек тілесе, Алла оған қалағанын міндетті түрде береді».

Тағы бір хадисте «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттаса, жұмаққа кіреді. Кім ол есімдерді айтса, жұмаққа кіреді. Алла жалғыз, тақты жақсы көреді» делінген.

Иман келтірмеген кәпір адамның бұл есімдерді жаттау арқылы жұмаққа кіре алмайтыны айқын. Онда бұл хадисті қалай түсінуге болады? Әхли сүннет уәл жамағаттың ортақ қабылдауы бойынша Аллаға серік қосқандар жұмаққа кіре алмайды.

Бұл хадистің мақсаты – Алланың осы тоқсан тоғыз есімінің ерекшеліктерін әркім шамасы жеткенше жүзеге асыруға тырысуы керектігі. Мысалы, Алланың Рахман, Рахим есімдерін білу және Алланың барлық жаратылған болмысқа мейіріммен қарайтынын біліп, біздің де жанашырлық танытуымыз және осы арқылы Алланың рақымдылығына қауышатынымызға үміт арту керек.

«Алла рафиқ (жұмсақтық, тқзімділік, жеңілдік иесі) сондықтан, рфықты жақсы көреді, рфық иесіне тән көмегі бар, қаталдық иелері бұл көмекті ала алмайды». Алланың Кәрім есімін білу, ос есім бойынша барлық жаратылғандарға мүмкіндігінше жомарттық танытып, көмек беру қандай жақсы. «Алланың мінезіндей мінезге ие болыңыз» деген қағидамен Алланың 99 есіміндей мінезге ие болуға тырысу керек. Міне, осы сияқты Алланың 99 есімін жаттау, білу және өмірімізде жүзеге асыру да бізді жұмаққа жеткізеді.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: