29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Алла Тағала кімдермен бірге?

Алла Тағала кімдермен бірге?

Иман келтіру

– Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге («Бақара» сүресі, 153-аят).

Яғни, дүниелік және ақиреттік істеріңде сабырмен, намазға тұру арқылы Алладан жәрдем тілеңдер. Сабырдың көмегімен абыройға кенеліп, жеңіске жетсеңдер, намазға тұру арқылы жағымсыз қылықтан, әдепсіздіктен арыласыңдар. Алла тағала жеңіс сыйлап сәтін салумен, Өзінің қорғауы арқылы сабырлы құлдарымен бірге.

– Аллаға және елшісіне мойынсұныңдар. Өзара таласып-тартыспаңдар. Әйтпесе, бойларыңды үрей билеп жасып қаласыңдар һәм күш-қуаттан айырыласыңдар. Тиісінше сабырлылық танытыңдар. Шүбәсіз, Алла сабырлылармен бірге.

– Расында, Алла азабынан қорыққан құлдарымен әрі Хақ тағаланың, өздерін көріп бақылап тұрғанын жадында ұстап үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге.

Яғни, Раббыларының өздерін көріп бақылап тұрғанын ескеріп, үнемі игі амалдар жасайтын, азабынан қорқып тақуалықты ұстанатын құлдарына жәрдем беріп, жеңіс сыйлаумен және қорғауымен Алла тағала олармен бірге. «Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың» Ал кім Аллаға тақуалығымен, ғибадат-құлшылығымен жақын болса оған ешкім зиян тигізе алмайды.

Тақуалық дегеніміз – Алладан қорқу және Құранға амал ету (яғни, Құранның бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан тыйылу), қолда барға һәм азға қанағат етіп, өлімге дайындық жасау.  Әзірет Али (р.анһ).

материал «Ең бақытты әйел» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: