22
Жұма,
Қараша

һижри

Ризық-несібені маңдай термен табудың артықшылығы

Ризық-несібені маңдай термен табудың артықшылығы

Иман келтіру

Намаз оқылып болған соң, жан-жаққа тарап Алланың мол рақымынан (кәсіптерің арқылы) өз ризық-несібелеріңді іздеңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят).

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, қайсыбіріңнің болмасын бір құшақ отын шауып, оны өзі арқалап, сатып күн көруі, беруі де, бермеуі де мүмкін әлдебіреуден қол жайып қайыр-садақа тілегеннен әлдеқайда қайырлы», – деп айтты» – делінген (Бұхари, зәкәт 50-53; Муслим, зәкәт 106).

әл-Миқдад ибн Мағдикариб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ешкім де табан ақы, маңдай терімен тапқан тағамынан қайырлы ас ішкен емес. Шынында, Алланың пайғамбары Дәуіт те (ғ.с.) ризығын өз еңбегімен табатын еді», – деп айтты» – делінген (Бұхари, буйуғ 15/әнбия 37).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: