23
Сенбі,
Қараша

һижри

Қарттық келмей тұрып, жастық шағыңа көңіл бөл

Қарттық келмей тұрып, жастық шағыңа көңіл бөл

Иман келтіру

Кім Алла Тағаланы жас әрі қуатты кезінде есінде ұстаған болса, Алла оны ескеріп, қартайып, күш-қуаттан айрылған кезінде ақыл-парасат беріп, Қиямет күні құрметті орын нәсіп етеді және ешқандай көлеңкесіз сол Күні Өз тағының саясында паналатады.

Алла елшісі (с.а.с.): «Ешқандай көлеңке болмайтын Күні Алла жеті (сипаттағы адамды) Өз көлеңкесінде паналатады: әділ патшаны, аса Құдіретті де Ұлы Аллаға құлшылық етіп өскен жасты...», – деген.
Бәлкім, осы себепті көкесінің баласына оның балиғатқа жақындап қалғанын (ескеріп), ол өзінің қайрат-жігерге толы жастық шағын дұрыс пайдалануы үшін осындай өсиет айтқан болар.
Расында Пайғамбар (с.а.с.): «Бес (жағдайды басқа) бес (жағдаймен кез болғанша) пайдаланып қал: жас шағыңды қарттық (жеткенше пайдалан)...», – деген.
Жастар мұсылман үмбетінің болашағы екенін ескерсек, бұл сөздердің мәні зор. Шындық пен әділдікке шақыру жастардың күш-қайратымен іске асады. Ниеті бұзық жалған сөзділер жастарды жолдан тайдыруға әрекет жасайды, сондықтан әсіресе адамдар мен жындардан болған шайтандардың тегеурініне шыдауы үшін олар айрықша қамқорлық пен жақсы өсиеттерге (ақыл-кеңестерге) мұқтаж.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: