Ұстамдылық таныту – Алла Тағаланың бұйрығы. Құранның аятында былай делінеді:
«Мүмин еркектерге айт (бөгде әйелдерге) қадалып қарамасын, әуреттерін (зинадан) сақтасын. Мұның өзі олар үшін бір пәктік. Анығында Алла олардың не істегенінен толық хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! (Бөгде еркектерге) қадалып қарамасын, тәндерін жауып жүрсін, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, қол білезіктен төмен қарай) тыс зейнеттерін (мүшелерін) көрсетпесін, бүркеніштерімен омырауларын жапсын» («Нұр» сүресі, 30-21-аяттар).
Ұстамды адамдардың жәннаттық болатындығына Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кепілдік берген. Сәһл ибн Сағд ол Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Кімде-кім маған екі жағының жəне екі аяғының ортасындағыларға кепілдік берсе, мен оған Жəннатты кепілдік қыламын», - дегенін жеткізген.
материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,
ummet.kz