29
Жұма,
Наурыз

һижри

Дұғаны кеңшілікте де, қиындықта да жасаудың маңызы

Дұғаны кеңшілікте де, қиындықта да жасаудың маңызы

Иман келтіру

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын):

«Алла елшісі (с.а.с.): «Кім қиыншылықтар мен бәле-жаланың кезінде Алланың дұғасына жауап беруін қаласа, кеңшілік кезінде көп дұға етсін», – деді», – деген.

Яғни, пенде қиындықтарға ұшырап, уайым мен қайғы-мұңға батқанда өзінің дұғасына Алла Тағаланың жауап беруін қаласа дені сау, аман-есен, қолы бос кезінде көп дұға етуі керек екен. Өйткені әрдайым Алланан пана сұрап, Онымен үздіксіз байланыста болу және басқа бәле-жала келместен бұрын Одан медет сұрау – мүміннің айнымас қасиеті. Алла Тағала Өзінің жайынның ішінде жатып, дұға қылған Юнус пайғамбарды (оған сәлем болсын) құтқаруының себебін баяндап: «Егер ол (Юнус пайғамбар Алланы) дәріптеушілерден болмағанда, оның (киттің) ішінде қайта тірілетін күнге дейін қалар еді», – деген.

материал «Дұғамен өміріңді өзгерт» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: