12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды

Үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды

Иман келтіру

Хазірет Айша (р.а.) өте тақуа еді.

Бірде жалғыз өзі оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп не үшін жылағанын сұрады. Ол: – Уа, Алланың елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым, – деді, сөйтті де: – Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді еске ала аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Алла елшісі оған: – Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын жағдай болмайды, – деп жауап берді, – Таразыға амалдар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін, амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін, жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте алмауың белгілі болғанға дейін.

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: