29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Құлдың Аллаға разы екендігін қалай байқаймыз?

Құлдың Аллаға разы екендігін қалай байқаймыз?

Иман келтіру

Рабиға Адауияның қасында тақуа кісілердің бірі Сәури:

«Раббым! Бізге разы бола гөр!» – деп дұға етті. Рабиға Адауия бұны естігенде: «Алдымен өзің Аллаға разы болмай тұрып, Алланың өзіңе разы болуын сұраудан ұялсаң етті?!» – деді.

Сәури ойланып тұрып: «Астағфируллаһ!» – деді. Бұған куә болған Басралық тақуа кісілердің бірі Жағфар ибн Сүлеймен әд-Даби: «Құлдың Аллаға разы екендігін қалай байқаймыз?» – деп сұрады.

Сонда рухани тереңдігімен танылған Рабиға Адауия: «Қуанышқа қуанғанындай қайғыға тап келгенінде де қуана білсе, сол кезде құлдың Аллаға разы екендігі танылады», – деп жауап қатты.

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: