29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Жер жүзіндегі құлшылықты көп жасайтын құлды көрсетесің бе?»

«Жер жүзіндегі құлшылықты көп жасайтын құлды көрсетесің бе?»

Иман келтіру

Риуаятқа (деректерге) қарағанда, Юнус (аләйһиссәләм) бір күні Хазіреті Жәбірейілге:

«Маған жер жүзіндегі құлшылықты ең көп жасайтын құлды көрсетесің бе?»-деп өтініш жасады. Ол бір кісіні көрсетті.

Қараса, ол кісі алапес ауру екен. Ауруының салдарынан аяқ-қолдары шіріп, тіпті екі көзі көрмей қалған екен. Ол былай деп жатыр еді:

«Ей, Раббым! Маған осы қол мен аяғымның арқасында не берген болсаң, тек сен ғана бердің. Неден аулақ қылған болсаң, тек сен ғана аулақ тұрғыздың. Ей, Тәңірім! Менде тек бір арман қалдырдың. Ол – тек саған қауышу».

Демек, жүрек қағысы құл ризалығы үшін емес, Хақ ризалығы үшін болғанда, ниеттер мен амалдар өзгеше болып, Аллаһтың уәдесі болған жәннатқа жеткізетін амалдар іске асады. Олай болса ғапылдықтан құтылу үшін жүректі тазалап, нәпсіні тыйып, жан-дүниені Алладан басқа нәрселерден босатып, әлемдегі күш-құдірет және хикмет пен әдеміліктің көріністерін сан қилы бейнелерде, жан-дүниеде тамашалап отыру қажет.

материал «Махаббат сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: