29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Адам неге стресске ұшырап, депрессия болады?

Адам неге стресске ұшырап, депрессия болады?

Иман келтіру

Уайым қайғының, үмітсіздіктің 2 себебі бар:

1. Әрекетсіздік, қол бос болуы.

2. Әрекетін жасаған соң нәтижені өзінен күту.

Біріншісіне тоқталар болсақ, әрекет етпеген сайын адам уайымға түсе береді.

Абай атамыздың сөзі бар ғой: "Қарыны тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын". Бұл дегеніміз "зона комфорта". Өзіңізге жайлы төсекте, жылы үйде, барлығы дайын тұрса, сіз ешнәрсе жасағыңыз келмей үйде отырсаңыз – зона комфортаға кіріп кетесіз. Қол бос болғаннан кейін шайтан неше түрлі ой салады, үмітсіздікке түсіреді.

Шайтан үмітсіздікке түсіру үшін сізге келіп сыбырлайды. Сол сыбырлағанды сіз шын деп ойлап, сол нәрсеге сеніп, үмітсіздікке түсетін болсаңыз, шайтан өз ойын жүзеге асырды деген сөз. Әрекетсіздік осы нәтижеге алып келеді. Себебі әрекет еткен кезде басқа нәрсе ойлауға адамның уақыты болмайды. Сол себепті әрдайым қозғалыста, әрекетте болыңыз. Әрекет болмаған соң адам ойланғысы келмейді, миын жұмыс жасатқысы келмейді. Ми жұмыс жасамаған соң ары қарай дамымайды, керісінше нашарлай түседі.

материал «Қарилыққа қадам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: