07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Жүрек амалдарына көңіл бөлу мәселесі

Жүрек амалдарына көңіл бөлу мәселесі

Иман келтіру

Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 

«Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса, қалған дене түгелімен бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек» деген екен. (Бұхари, Муслим).

Енді бірде «Тақуалық осында!» деп, көкірегін қолымен ишарат еткен болатын. (Муслим). Алайда, адамдардың бәрі бірдей болғанымен, олардың жүректері әр түрлі емес пе? Амалымыз жеткілікті дәрежеде болмай жатса, ислам, Пайғамбар немесе ұстазыңыз кінәлі емес, жүректе ақау бар деген сөз. Мұндайда жүректі емдеудің Құран мен хадисте көрсетілген әдістеріне көңіл бөлген жөн.

Хазіреті Әли (оған Алла разы болсын) бір сөзінде: «Жүректер – Алланың ыдысы (түтікше) және ең жақсысы мейірімге толған ыдыс. Жүрек – білім атты мейірім түсетін мекен, бұл арқылы Алла танылады» дейді. Ыдыс суға толғанда таситыны секілді, жүрек туралыққа шомылғанда, салиқалы амалдар да сыртқа шығады. Сондай-ақ, махаббат, қорқыныш, үміт, хушуғ, бойсұну, тәуекел ету сынды жүрек амалдарына аялау талап етіледі.  Әсіресе, Аллаға деген қорқынышты арттыру сұралады.

Құдіретті Алла Құранда: "Кім Алладан қорықса, (Алла) оған бір шығар жол пайда қылады. Және оны ойламаған жерден ризықтандырады" - деген. («Талақ «сүресі, 2-3- аяттар).

материал «Иманды арттырудың жолдары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: