29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Адамдарды қуантпаған адамның дұғасы қабыл емес

Адамдарды қуантпаған адамның дұғасы қабыл емес

Иман келтіру

Бір аймақта жаңбыр жаумай, құрғақшылық қиындық туғыза бастаған еді. Адамдар жаңбыр жаудыру үшін қанша дұға етсе де жаңбыр жаумайды.

Әулиелердің бірі не істерін білмей абыржыған халыққа былай дейді:

– Мұның бір шарасы бар. Себептеріне жабыспайынша жаңбыр жаумайды.

– Ұстаз шарасы қандай да болса айтыңыз! Мына пәлекеттен тезірек құтылайық.

– Бермей тұрып сұрауға болмайды. Алла үшін де бермей тұрып сұрауға болмайды. Менің мына шапанымнан басқа еш нәрсем жоқ, мен бұл шапанымды беремін, әркім садақа ретінде бір нәрселер әкелсін.  Мұны естіген адамдар бере алатын нәрселерін әкеліп ортаға қойды, көп нәрсе жиналды. Әулие кісі бірнеше адамға бұларды сол аймақтағы кедейлерге таратуын айтты. Барлығын таратып болған соң мүбәрәк кісі былай деп дұға етті:

– Уа Раббым, құлдарыңды қуантқан адамдардың дұғасын қабыл ететініңді білдірудесің, біз сенің кедей құлдарыңды қуанттық, сен де жаңбыр ихсан етіп біздерді қуант!

Осыны айтқаннан соң жаңбыр жауа бастады. Кейін әулие кісі халыққа былай дейді:

– Міне көргендеріңдей садақа бермеген адамның, адамдарды қуантпаған адамның дұғасы қабыл болмайды.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: