06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Сауапты іс жасап жүрмін деп ойлау

Нәпсінің кемшілігі: Сауапты іс жасап жүрмін деп ойлау

Иман келтіру

Нәпсінің үлкен кемшіліктерінің бірі – ізгі жандар сауапты істер жасаған жерге, мәжіліске келгенде өзін де солардың бірімін деп ойлап, ізгіліктен үмітті болуы.

Сауапты іс жасауға жиналғандар оны жақыннан таныса, жай мәжіліске келіп қосылғандығының өзінен сауаптан күдер үзер еді.

Бұрынғы өткен ғұламалардың біріне келіп: «Арафатта уақфада тұрғандарды қалай көрдің?» – деп сұрағанда былай деп жауап берген екен: «Араларында мен болмасам, Алла олардың барлығының күнәсін кешіріп жіберетін қауым-ақ екен деген үмітпен көрдім». Міне, жан дүниесі ояу, тірі жандардың өздері жайлы ойлары осындай болмақ.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

Пенде күнәлары кешірілсе де, қателік жасап жатқан сәтін Алла көргенін білгендіктен, сонысынан ұялуға тиіс. Өзі жайлы жақсы ойда болмауы керек. Ғұлама Фудайл ибн Ияд: «Күнәларың кешірілген күннің өзінде (сені сол күнәнің үстінде Оның көруі) нендей масқара жағдай!» – деп өзін-өзі жазғырып отырады екен.

❗Уақфа – Арафа күні түс ауғаннан кейін Құрбан айттың бірінші күнінің таң намазына дейін Арафат тауында, бір мезет болса да уақфа жасау, яғни тұру – қажылықтың негізгі парыздарының бірі.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: