10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Ізгі адам болғыңыз келсе, мына екі шартты орындаңыз

Ізгі адам болғыңыз келсе, мына екі шартты орындаңыз

Иман келтіру

Амалдар ізгі болуы үшін екімшарт бар:

1. «Тағзим ли әмрилләһ», яғни Алланың бұйрықтарын жан-тәнімен орындау.

2. «Шәфкату ли Халқиллаһ», яғни бүкіл мақұлыққа Алла жаратты деп мейірімділік, рахымдылық және сүйіспеншілік көрсету.

Басқаша айтқанда истиқамәт – Алла  Елшісіне деген махаббаты ыстық күйінде сақтай отырып, оның үлгілі адамгершілік қасиеттеріне мінез-құлқынан үлгі алу, Құран және сүннет рухымен өмір сүру, нәпсінің қалауынан, дүние ләззаттарынан бас тартып, ғибадат етудің, құл болудың әрі мағрифәттің сырларын аңғарып өмір сүру.

Истиқамәтте, яғни дұрыс ақуал мен тура жолда болу үшін адамның ішкі-жан дүниесін үнемі бақылап от ыруы ләзім. Ішкі-жан дүниені бақылап отыру деген ұғымды білдіретін мұрақабә нәтижесінде, істелгенамалдардың, ғибадаттардың иләһи ризаға сай түрде іске асып, аспағанын біледі. Сондай-ақ Алла Тағаланың ризалығына сәйкеспейтін іс Оның алдында түкке тұрмайды. Сондықтан ғибадаттардың сыртқы пішіні неғұрлым Алланың бұйрығына сай болуы шарт болса, Оның ризалығын алуды көздеу де соғұрлым шарт.

Әйтпесе, ынта-ықылассыз істелінген амал сырты бүтін, іші түтін болып қалады.

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: