Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – қанағатсыздық. Бұл кемшіліктен арылудың жолы:
Пенде ашкөздігі арқылы Алла Тағаланың өзіне жазған ризық-несібесіне артық еш нәрсе қоса алмайтындығын білуі керек. Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) шаранаға жан үрленгеннен кейін Алла Тағаланың періштеге: «Оның ризық-несібесін, ажалын, амалын, оның бақытты не бақытсыз болатындығын жаз», – деп бұйыратындығын жеткізген. (Ол өзгермейді.) Осы ұғымды қуаттайтын мағынада Алла Тағала: «Менің дәргейімдегі сөз (яғни, үкімім) әстe өзгертілмейді. Сондай-ақ Мен құлдарыма қиянат жасайтындай залым емеспін», – деген («Қаф» сүресі, 29-аят).
материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,
ummet.kz