Нәпсінің үлкен кемшіліктерінің бірі – іштарлық.
Бұл кемшіліктен арылудың жолы:
Пенде (өзгенің бағын) көре алмаушы, қызғаншақтың Алла Тағаланың нығметіне қас дұшпан екендігін аңғарып, түйсінуі керек. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Біріңді-бірің күндемеңдер! Бір-біріңе өш болмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Біріңе-бірің бауыр болыңдар», – деген.
Негізі, көреалмаушылық мұсылмандарға деген жанашырлықтың азаюынан туады.
материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,
ummet.kz