10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Алланың таңдауын жақтырмау

Нәпсінің кемшілігі: Алланың таңдауын жақтырмау

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – іс-әрекетінде (мен үшін) ең қайырлысын нәсіп ет деп Аллаға жалбарынған соң, Алла оған қайырлысын таңдағанда, Оның таңдауына наразылық білдіруі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

Әуелі пенде кез келген нәрсенің тек сыртқы көрінісін ғана біле алатынын, ал Алла оның ішкі жағы мен ақиқатын білетінін білуі керек. Сондай-ақ өзі үшін өз таңдауынан гөрі Алланың таңдауының қайырлы екендігін білуге тиіс. Себебі пенде таңдаған халдің кез келгенінің астарында бәле жүреді. Міне, осыны ұғынғанда пенде басқарушы емес, басқарылған жаратылыс екендігін түйсінеді. Һәм тағдырына жазылғанға ашуланудың тағдырды өзгертпейтіндігіне көзі жетеді. Осылайша, тағдырға разы болу жолын ұстанып, жаны жай табады.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: