11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нәпсі кемшілігі: Алланың азабынан құтылдым деп қиялдау

Нәпсі кемшілігі: Алланың азабынан құтылдым деп қиялдау

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – Алланың азабынан құтылудың есігі алдында тұрмын деп құр бос қиялдауы.

Құтылу есігін алуан түрлі құлшылықтар мен зікірлер арқылы қақпақшы болады. (Қағудың не керегі бар?!) Есік ашық тұр емес пе?! Алайда, көп күнә жасағанымен қоймай, оның парқында болмағандықтан, өзін-өзі есепке тарту есігін жауып тастаған. Сондықтан осындай ойға келеді. Хусейн ибн Яхияның айтуынша, Рабиға әл-Адауия бір күні Салих әл-Мурридің мәжілісінің тұсынан өтеді.

Салихтың мәжілістестеріне: «Талмай қаққан кісіге есік ашылмай қоймайды», – деп айтып жатқанын естиді. Рабиға сөзге араласып: «Әй, болбыр! Не айтып отырсың? Есік ашық емес пе? Бірақ сен (ол есікке жуымай) қашып жүрген жоқсың ба?! Әуелгі басқан қадамыңда қателескен екенсің, қалайша мақсатқа жетпексің?!» – деген екен. Өзің бір сәт ойланып көрші! Нәпсісін шақуаттың (құмарлықтың) жетегінде жіберген құл оның кемшіліктерінен қалай арылмақ?! Я болмаса, күнә жасаудан тыйылмай жүрген құл қалайша нәпсінің жетегінде кетпеуден құтылмақ?!

Мұхаммед ибн Ахмедтен естуімше, Ибн Әбид-Дүния былай деген екен: «Хакімдерден қалған мынадай бір сөз бар: «Бойыңда қандай да бір айып-кемшілік бола тұра, (надандықтың қараңғылығынан) оянамын деп үміт етпе! Сондай-ақ жасаған күнәң бола тұра, құтылудан дәмеленбе!» Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Аталмыш кемшіліктен арылудың жолы, Сәри әс-Сақати айтып кеткендей: «(Алла көрсеткен) тура жолға түсу, адалынан азықтану және тақуалықтың кемеліне (жетуде)» жатыр.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: