Тасаууф – Аллаға шынайы болу деген сөз. Амалдарды тек Алланың ризашылығын ойлап орындау және оларға басқа мақсаттардың көлеңкесін түсірмеу дінде «ықылас» деп аталады. Алла Тағаланың ризашылығынан басқа барлық арманқалауды жүректен шығару, мұсылмандардың мойындарындағы үлкен міндет әрі ұлы абырой.
Алла Тағаланың ризашылығына жету үшін әмір етілген амалдарға басқа бір ортақты араластыру ықылассыздықтың немесе риялы болудың көрінісі болып, Құдай алдында ол амалдарды істеушілерге пайдасыз, бекер шаршаудан басқа ештеңе бермейді. Сондықтан Алла алдында амалдың қабыл болуына көмектесетін негізгі шарттарының ең маңыздысы «ықылас» екендігін білдіреді. Ықылас – Алла Тағалаға жақындау ниетімен жүректі әр түрлі пайдақорлықтан қорғай білу. Ықылас құлды ең үлкен жақсылық - иләһи ризашылыққа жеткізеді. Пенделеріне құлшылықты бұйырған Алла Тағаланың мұндағы негізгі мақсат, мұраты – амалдардың Алла ризалығына сай, ықыласпен орындалуы. Аят кәримада былай баяндалады: «(Ей, Расулым!) Шүбәсіз, кітапты саған хақ түрде түсірдік. Олай болса, сен де дінді тек қана Аллаға тән етіп (ықыласпен), құлдық ет!…» (Зүмәр сүресі 2-аят). «Айт: Мен, дінді Аллаһқа тән етіп (ықыласты түрде), оған құлдық етуге міндеттелдім» (Зүмәр сүресі 11-аят).
Алланың құзырынан қуылған Ібіліс аят кәримада баяндалғаны бойынша былай: «Айтты: Ей, Раббым! Ант етемін, мені азғындатқаның үшін мен де жер бетінде оларға күнәларды безендіріп, көрсетем және олардың барлығын қалайда азғындатам. Бірақ, олардың ішіндегі ықыласты құлдарың басқа!» (Хижр сүресі 39-40 аяттар).
Тасаууф – барлық нәрсені Аллаға атау, нығмет пен абыройды Одан деп білу және мен-мендіктен құтылу. Адам қандай халде және дәрежеде болмасын өзін құнды санап, бір үстемдік ойламауы керек. Сондай-ақ, Алла Тағала Бәдір жеңісі туралы Расул Әкрәм (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамызға былай деген: «(Соғыста) оларды сендер өлтірмедіңдер. Алла өлтірді. Атқанда да сен атпадың, Алла атты…» (Әнфәл сүресі 17-аят).
Олай болса, адам әлсіздігі мен құл екендігін әрқашан сезіп, біліп, әр түрлі нығмет, жеңіс пен жетістіктердің Алла Тағаланың бір сыйы екендігін білуі керек. Керісінше жағдайда амалдардың сауабы азаяды немесе түгелдей жойылады. aaa Әбу Һурайра (радиаллаһу анһу) ғибадаттарында ықыластан әуесқойлығын мақсат тұтқан адамдардың ақырғы жағдайлары туралы Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дегенін жеткізеді: «Қиямет күні ең бірінші шейіт болған адам есепке тартылады. Алла Тағала оған берген нығметтерін бір бірлеп өзіне айтып береді. Ол да сол нығметтердің барлығына қол жеткізгенін мойындайды. Алла Тағала: «Жақсы, осылар үшін не істедің?» - дейді. Ол адам: «Шейіт болғанша Сенің жолыңда соғыстым,» - деп жауап береді. Аллаһ Тағала: «Өтірік айтасың. Сен «қандай батыр адам» деп айтсын деп, соғыстың, сөйтіп те аталдың» - дейді. Сосын бұйрық беріліп, ол адам етбетінен жәһәннәмға тасталады. Екінші болып, ілім үйреніп, оны басқаға үйреткен және Құран оқыған бір адамды құзырға әкеледі. Алла Тағала оған берген нығметтерін бір бірлеп өзіне айтып береді. Ол да бәрін мойындайды. Оған да: «Жақсы, осы нығметтерге бола не істедің?» - деп сұрайды. Ол: «Ілім үйрендім, үйреттім және Сенің ризалығың үшін Құран оқыдым,» - деп жауап береді.
Алла Тағала: «Өтірік айтасың. Сен «ғалым деп айтсын» - деп, ілім үйрендің, «қандай жақсы оқиды деп айтсын» - деп, Құран оқыдың. Сөйтіп сен солай аталдың» - дейді. Сосын әмір бойынша ол да етбетінен жәһәннәмға тасталады. (Сосын) Алланың әр түрлі мал-мүлік пен мүмкіндік беріп, жабдықтаған адамын құзырға әкеледі. Алла Тағала оған да берген нығметтерін бір бірлеп айтып береді. Ол да берілген нығметтерді мойындайды. Алла Тағала: «Жақсы, сен бұл нығметтер үшін не істедің?» - дейді. Ол адам: «Сен разы болатын бірде бір нәрсені аямай, тек қана сенің ризашылығыңа жету үшін бердім, жұмсадым» - дейді. Хақ Тағала: «Өтірік айтасың. Алайда сен барлығы қандай жомарт адам деп айтсын деп істедің. Ақыры бұл сен үшін айтылды,» - дейді. Әмір беріліп, бұл да етбетінен жәһәннәмға тасталады» (Мүслим, Имара, 152).
Хазіреті Мәулана ықылассыз ғибадат еткен адамдарға: «Ей, ғапыл! Әттең, сәжде еткен кезіңде жүзіңді шынайылықпен Хаққа бұрсаң ғой. «Ұлылардың ұлысы Раббым, әр түрлі нұқсан сипаттардан пәк» деудің мағынасын лайықты түрде білсең ғой. Тек көрініс сәждесі емес, көңіл сәждесін жасай алсаң ғой, әттең!» - дейді.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz