30
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Тасаууф – жар болу, жүк болу емес

Тасаууф – жар болу, жүк болу емес

Иман келтіру

Әулиелер: «Тасаууф – жар болу, жүк болу емес» - деп қандай тамаша айтқан, яғни, әркімнің жүгін көтере білу, ешкімге жүк болмау.

Демек, шын мәніндегі сүйіспеншілікпен, жанқиярлықпен жасалған қызмет қана үмбеттерге рахмет есіктерін аша алмақ. Қызметтің бағасы оны орындау үшін барған жанқиярлықтың үлкендігіне және ғибадаттың ынтамен жасалуына байланысты. Жоғары бағаға лайықты қызмет тек Алланың ризашылығын ғана мақсат тұтып, қызметті пайдаланушыларды төмен санап, ренжітпейтін дәрежеде орындалуы қажет. Абдұллаһ бин Мүназилдің (құддисә сирруһ) айтқаны сияқты: «Қызметте әдепті болу – қызметтен де жоғары».

Осы ақиқатқа сүйене отырып Хазіреті Мәулана былай дейді: «Алланың сүйіспеншілігі үшін ат салыс. Алла сүйіспеншілігі үшін қызмет ет. Халықтың қабылдап, қабылдамауында сенің не жұмысың бар? Бұл фәни дүние базарында сені мол табысқа жеткізетін бір тұтынушы ретінде Алла жеткілікті емес пе? Алладан аларыңның қасында адамдардың беретіні неге татымақ?! Олай болса, назарың мен көңіліңді адамдардан келетін рахметтерге емес, Алладан келетін жетістіктерге бұр!»

Мінеки тасаууф жолының көңілді жеткізетін жақсылығы мен ұлылығы осы. Осы орайда Баһаүддин Нақшибәндқа (құддисә сирруһ) нәпсілік құмарлықтарын жою үшін айтқан мына өсиетіне назар салайықшы: «Әлсіздерге қызмет ет. Көңілін табуға тырыс! Әлсіздерді, көңілі қалғандарды қорға! Оларға халықтан ешбір пайда түспейді. Соның өзінде олардың көбінің жүректері тыныштыққа толы. Кішіпейілділік пен бишара күйде қалып қояды. Осындай адамдарды іздеп тауып, оларға қызмет ет!»

Шах Нақшибәнд (құддисә сирруһ) тариқатты алғаш ұстанған жылдарында тәкаппарлық пен менмендіктің антонимі «еш болу-түкке тұрғысыз» екендігі сезіміне жету үшін ауру және ғаріп адамдарға, жаралы жануарларға қызмет еткен. Тіпті, адамдардың жүретін жолдарын тазалап, тұп-тура жеті жыл бойы теңдессіз қызмет еткен. Ол өзі жайлы: «Ұстазым бұйырған жолда ұзақ уақыт жұмыс істедім. Барлық қызметтерді атқардым. Мен жолдан өтіп бара жатқанымда Алланың қандай да бір жаратылысы алдында тоқтап, алдымен оның өтіп кетуін күтетін халге келдім. Бұл халім жеті жыл жалғасты. Осы қызметімнің өтеуі ретінде олардың ыңырсыған аянышты дауыстар шығарып, Хақ Тағалаға жалбарынғандарын сезетін халге келдім».

Жоғарыда айтылған мысал Жаратушысы үшін жаратылғандарға, Жаратушының сүйіспеншілігімен қарап, құштарлықпен жасалған қызметтің айқын бір көрінісі. Алла Тағала, салих мүминдер хақындағы аятында: «…Олар жақсылық жасауда бір-бірлерімен жарысады...» - ("Әли Имран" сүресі 114-аят) деген.

Салих мүминдердің осы жақсылық жарысындағы ең тамаша қызмет жемісі – уақыф (қор) мекемелер». Уақыф адамдар – адамдардың ең жоғарғы сатысындағы пайғамбарлар, әулиелер және олардың тәрбиесінде кемелденген мүминдер. Олар – көңілдеріндегі иман тебіренісін төрткүл дүниеге жеткізген, тарихтың ең тамаша алтын беттерін толтырған жандар.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: