24
Сәрсенбі,
Маусым

һижри

Күнә көбейгенде не істеу керек?

Күнә көбейгенде не істеу керек?

Иман келтіру

Егер жасаған күнәңнің әсері жүзіңнен байқалса, онда Алладан жәрдем тілеп, Оған жалбарын.

Бұл ісіңе қатты өкін. Сондай-ақ, «Аллаһым, мені күнәнің қорлығынан құлшылықтың ұлылығына ауыстыр» деп дұға ет. Әулиелердің, ізгі адамдардың қабірін зиярат ет. Және «Ей, мейірімділердің Мейірімдісі!» деп Аллаға жалбарын.

Сен нәпсіңді шәһуатпен күшейтіп, семіртіп, кейін онымен күресуді қалайсың ба? Шәһуаттармен әлденіп алған нәпсі сені басып-жаншиды! Егер осылай ойласаң, онда сен – нағыз наданның өзісің.

Жүрек – құлшылық «суымен» суарылатын ағаш секілді. Оның жемісі – құлшылықтар. Көздің жемісі – көрген нәрселеріне ой жүгірту, құлақтың жемісі – Құран тыңдау, тілдің жемісі – зікір айту, қол мен аяқтың жемісі – жақсылық жасауға талпыну.

Жүрек қураса, оның жемістері де түседі. Егер жүрегіңнің қурап кеткенін сезсең, зікір айтуды көбейт. «Мен жазылғанша дәрі ішпеймін» дейтін ауру секілді болма! Біз оған: «Дәрі ішпесең – жазылмайсың», – деп айтамыз емес пе?!

Соғыс – рақат табатын жер емес, онда тек найзалардың ұшы бар соғыста рақат жоқ Дәл сол сияқты нәпсіңмен күрес, ол үлкен жиһад (соғыс). Рақат емес, күрес.

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: