24
Жұма,
Мамыр

һижри

Намаз әлде йога? Адам денсаулығына қайсысы пайдалы?

Бүгінде йога дегенді білмейтін адам жоқ шығар. Үнді елінен бастау алатын бұл ілімнің қай кезде, қалай шыққаны белгісіз. Оның 5000 жылдық тарихы бар Үндістанда пайда болғаны ғана белгілі. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде 20 миллионға жуық адам осы йогамен айналысады екен.

Жолаушының қаза намаздары қалай өтеледі?

Егер жолаушы намазды сапарда қаза етіп, кейін еліне оралса немесе сапары аяқталмаса да, қаза намазын дәл сапардағыдай қысқартып өтейді.

Далада намазды аяқ киіммен оқыған дұрыс па?

Ислам – тазалыққа негізделген дін. Тазалық – дініміздің ең басты қағидаларының бірі. Әрі көптеген ғибадаттардың қабыл болуы осы тазалыққа тікелей байланысты. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Алайда сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын орнымыз нәжістен таза болуы шарт.

Таң намазын өтеген кісі Алланың кепілдігінде болады

Таң намазы – сол күннің алғашқы сынағы әрі алғашқы құлшылығы. Сондықтан сол күнді жақсы бастап алғашқы емтиханды табысты тапсырсақ, басқа емтихандар мен қауіп-қатерлерге қарсы әлдеқайда күшті әрі сақадай сай боламыз.

Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды?

Қазіргі жол жүру үрдісі бағзы замандармен салыстырғанда, жетілген әрі қолайлы болғанымен, сапарға шыққан адамның үйреншікті өмір салты бәрібір өзгереді және жайсыз жағдайдың пайда болу мүмкіндігі де арта түседі.

Намаз ишарат арқылы қалай оқылады?

Сырқаты немесе кәрілігі салдарынан тұрып намаз оқи алмағандығы үшін науқас әрі әлжуаз адамдарға уайым жеудің қажеті жоқ.

Дәрет алған әйел шашын бүркемесе дәреті бұзыла ма?

Шариғат бойынша тасаттур, яғни әйелдердің бөгде ер адамның алдында киініп, әурет жерлерін көрсетпей жабық жүруі – Алла Тағаланың бұйыртқан парызы.

Дәрет алатын судың ерекшеліктері қандай?

Аспаннан жауған немесе жер астынан шыққан және дәрет пен ғұсыл алу үшін пайдаланылатын су өзінің табиғи қасиеттерін, яғни түсін, дәмін және иісін сақтап қалуы тиіс.

«Ең бастысы жүрегім таза» деп намазға салғырт қарайтындарға жауап

Бұл құлшылықтың түп мәнін жетік түсінбеуден туындайды. Намаз – тек күнәһарлар мен молдаларға ғана жүктелген жеке міндет емес, әрбір адамның мойнына жүктелген асыл парызы. Құранда Алла Тағала: «Мен адамдар мен жындарды (мені танып), маған ғана ғибадат етсін деп жараттым» дейді. Сондықтан құлшылық – адамзат жаратылысының негізгі мақсаты.