Жұма намазға барушы жуынып, жақсы иіс себініп, ең жақсы киімдерін киеді.
Алла Елшісі (ﷺ): «Кімде- кім ғұсыл қүйынып, имам құтбасын бітіргенше келсе, әрі имаммен бірге намазын оқыса, өткен жұма мен осы жұма арасындагы күнәлары кешіріледі...»[1] - деген. Ибн Омар да (р.а): «Кім жұмага келетін болса, жуынсын»[2], - деген хадисті жеткізген.
Ғұсыл құйыну уақыты жұма күнінің таңынан бастап түскі уақытқа дейін. Жұмаға барардың алдында жуынған абзал, өйткені мешіт көпшілік орны болғандықтан жағымсыз иістерді кетірген дұрыс. Жұма күні жүніп болып, жұмаға әрі жүніптіктен тазаруға ниеттеніп ғұсыл алса, бұл ғұсылы екеуіне де жарамды.
Ал жақсы иіс себініп, ең жақсы киімдерін кию жайында Алла Елшісі (ﷺ):
«Жұмаға ғұсыл қүйынып, егер бар болса, хош иіс себініп, ең көрікті киімін киіп шыққан мұсылман мешітке келгенге дейін іштей қуанышта болады. Намаз оқиды, ешкімге зияны тимейді. Сонан соң имам (мінберге) шыққаннан намаз оқығанға дейін үнсіз отырса, өткен жұма мен осы жұмаға дейінгі күнәлары кешіріледі»,[3] - деген.
«Ислам ғылымхалы» кітабынан
Ummet.kz
[1] Мүслим, Әбу Хұрайрадан. Нәйлул-әутар, 3/236
[2] Әбу Сайдтың хадисі. Бүхари мен Мүслим риуаят еткен.
[3] Ахмед Әбу Әюбтан жеткізген хадис. Нәйлул-әутар, 3/236