10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Айт намазының басқа намаздан айырмашылығы

Айт намазының басқа намаздан айырмашылығы

Намаз

Айт мейрамы намаз оқумен басталады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген.

Айт намазы дiнiмiздiң ұраны болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекелерi арнайы ғиба-даттармен басталады. Айт намазына мешiтке бара жатқанда такбир айтқан дұрыс. Рамазан айтта такбир iштен, ал құрбан айтта жария, дауыстап айтылады.

Айт намазының уақыты – күн найза бойы шыққаннан зауалға дейiн. Айт намазы мерекенің алғашқы күнi оқылуы тиiс. Ол жұма намазы парыз болған адамдарға уәжiп. Намаз – жұма оқылатын мешiттерде немесе келiсiлген алаңда жиналып оқылады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында мешiтке сыймағандықтан, Мәдина қаласындағы Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешiтiне жақын жердегi  кең орында оқылған. Айт намазы екi рәкағат, намаз соңынан хұтба оқылады. Құтпада Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жамағатқа уағыз-насихат айтатын болған.

Айт намазының өзге намаздардан айырмашылығы – азан мен қамат айтылмайды. Айт күнi момын мұсылмандар намаздан соң бiр-бiрiн құшақтап, құттықтайды.

ummet.kz

Бөлісу: