11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с)  заманындағы тарауық намазы

Пайғамбар (с.ғ.с)  заманындағы тарауық намазы

Намаз

Тарауық намазы – Рамазан айының қасиетiн арттырып, жан-дүниемiздi күнәдан тазартатын ғибадат. Қаншама жүрек осы құлшылықты атқарумен нұрлана түседi.

Әбу һурайра былай деп баяндайтын: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда адамдарды қосымша түнгі намаздарды орындауға ынталандыратын, бірақ оны үзілді-кесілді түрде бұйырмайтын, әрі: «Рамазанның түндерін иманмен және Алланың сауабына деген үмітпен намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», –  деп айтатын» (Бухари, Муслим 759).

Хазірет Айша (оған Алла разы болсын) анамыздың айтуынша Алла Елшiсi (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  Рамазан айында ауыз ашып болғаннан кейiн мешiтке барып сахабаларымен тарауық намазын оқиды. Келесi күнi де Алла Елшiсi (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сахабаларымен бiрге мешiтте тарауих намазын оқиды. Үшiншi күнi Алла Елшiсi (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешiтке келмейдi. Сахабалары Алла Елшiсiн (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) таң рауандап атқанға дейiн күтедi. Таңғы намаз үшiн мешiтке аяқ басқан Адамзаттың ардақтысы (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сахабаларға қарап: «Сiздердiң тарауық намазын оқу үшiн мешiтке жиналғандарыңызды бiлдiм. Бiрақ, сiздер бұл намазды парыз ретiнде қабылдамасын деп, мен әдейi келмедiм» (Әл-Хуласа, Фатау-й Хиндийе) дейдi.

ummet.kz

Бөлісу: