23
Сенбі,
Қараша

һижри

Бес уақыт намазды жамағатпен оқудың маңызы

Бес уақыт намазды жамағатпен оқудың маңызы

Намаз

Амр ибн Үммі Мәктүм (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісіне былай дедім: «Уа, Алланың Пайғамбары! Мен екі көзі де көрмейтін адаммын. Үйім мешіттен едәуір алыс.

Оның үстіне әрдайым мені мешітке алып келетін адам табыла бермейді. Намазды үйде оқуыма бола ма?» Пайғамбарымыз: «Азанды естисің бе?» – деді. Мен: «Иә», – дедім. Ол: «Онда саған үйде емес, мешітке келіп оқу керек», – деді». Анбаса ибн Анбар (р.а.) былай әңгімелейді: «Харис ибн Хасан (сахабалардың бірі) үйленген болатын.

Ол кездері жаңа үйленген еркектер бірнеше күнге үйінен шықпайтын, сондықтан таңғы намазға да келе алмайтын. Ел арасында қалыптасқан бұл салтты бұзып, таңғы намазға мешітке келген Хариске достары: «Сенің үйленгеніңе бір түн ғана болды ғой, таңғы намазға неге келдің?» – деп сұрады. Сонда Харис: «Уаллаһи, мен жамағатпен араласып, бірге намаз оқуыма кедергі келтірген әйелден қайыр жоқ», – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: