22
Жұма,
Қараша

һижри

Намаз – әдеппен, кішіпейілділікпен Алламен тілдесу

Намаз – әдеппен, кішіпейілділікпен Алламен тілдесу

Намаз

Намаз – құлдың Раббысымен тікелей байланыс құруы. Намаздың мағынасы – Алла Тағаланы пәктеу, ұлықтау және Оған шүкіршілік ету, Аллаға шексіз нығметіне алғыс білдіру, Алла мен құл арасындағы үздіксіз байланыс дегенді білдіреді.

Намаз – Алла тарапынан 24 сағаттың ішінде белгіленген уақыттарда рухани құзырына шақыру дегенді де білдіреді.

Намаз – құлшылық. Бұл құлшылықтың мағынасы: Құл Алланың құзырында өзінің кемшілігін, әлсіздігі мен пақырлығын көріп, Алланың мейірімі мен құдіретінің алдында махаббатпен сәжде жасайды. Сәжде махаббатты, бойсұнуды, шүкіршілік пен ұлықтауды білдіреді. Ал адам табиғаты бойынша сүйгеніне бағынады, соның айтқанын екі етпей барлық бұйырғандарын орындайды. Сәжде – иләһи тыныштыққа шақыру дегенді білдіреді.

Намаз – әдеппен, кішіпейілділікпен Алламен тілдесу. Жүрекпен, болмыспен Аллаға байлану. Мұның ішінде Алланы зікір ету, Оған жалбарыну және Онымен құлдық антын жаңарту бар. Намазда Алладан қажеттіліктерімізді сұрау мүмкіндігі бар.

Пәктеу (тәсбих), ұлықтау (тәкбір) және хамд (мақтау) намаздың дәндері үкімінде. Осы себепті намаздың қимылдары мен зікірлерінде осы үш нәрсе бар. Сондықтан намаздың мағынасын қуаттау үшін осы мүбәрак сөздер («Субханалла», «әлхамду лилләһ», «Аллаһу әкбар») намаздың соңында 33 рет айтылады.

Намаздың мәйегі болған тәкбір (Аллаһу әкбар, тәсбих (Субханаллаһ), тахмид (әлхамду лилләһ) бір жағынан құлшылықтың негізі саналады. Ол – мүминнің тәфәккур (терең ой) дүниесіне ашылған бірден-бір терезесі.

Намаз оқыған кезімізде Алланың бізге сыйлаған материалдық-рухани, тәніміз бен жанымызға қажетті барлық нығметтері үшін – «әлхамду лилләһ»; Оның еш ортағы, серігі жоқ екеніне бас игенімізді көрсету үшін – «субханаллаһ», әлсіздігімізді мойындап, ұлылығын қабылдағанымызды білдіру үшін – «Аллаһу әкбар» дей отырып, құлшылығымызды орындауға тырысып бағамыз.

материал «Құпияға толы намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: