22
Жұма,
Қараша

һижри

Намаз мына үш себепке байланысты тәрк етіледі

Намаз мына үш себепке байланысты тәрк етіледі

Намаз

Намазды тәрк ету әсте құпталмайды. Сапар кезінде, үрейлі жағдайда, сырқат т.б. жағдайларда да оқылуы тиіс. Құл ақысынан өзге күнәлардың барлығы тәубе етілсе кешірілетініне үміт бар. Алайда намаз үшін ондай кешірім болмайды.

Егер кісі сырқат болып, намазды түрегеп оқи алмаса, отырып оқиды, оған шамасы келмесе, жанына жантайып оқиды, халі ауыр болса, сол халімен Алланы еске алып, осы бір иләһи міндетті орындауы қажет.

Намаз мына үш себепке байланысты тәрк етіледі:

а) ауыр сырқат, ұмыту, қорқыныш, үрей және қателік, ғапылдық сияқты еріксіз себептерге байланысты.

ә) Әдейі, жалқаулықпен және немқұрайдылықпен тәрк етіледі.

б) Намазды жоққа шығарып, қабылдамаудан тәрк етіледі.

Соңғысы, яғни намазды жоққа шығарған немесе оның парыздығын теріске шығарушы кәпір саналып, Исламмен байланысы үзіледі.

Сондай-ақ намазды келемеждеп немесе салғырт қарап тәрк еткен адам да кәпір саналады.

Мүслимнің хадистер жинағында берілген «Адам мен Аллаға серік қосудың және күпірліктің арасында намазды тастау бар» хадисін түсіндіруде фиқыһ кітаптарында мынадай үкім бар: бұл тастау – намаздың парыз екенін жоққа шығару немесе намазға немқұрайды қарап, тәрк ету дегенді білдіреді.

Қалған екі себепке байланысты намазды анда-санда немесе жиі тәрк етушілер жайлы әһл-сүннет мәзһабтарының түрлі пәтуалары бар. Сол пәтуаларға қысқаша тоқталсақ:

Төрт мәзһаб (Ханафи, Малики, Шафиғи, Ханбали) бойынша, діни ешбір себепсіз мүминнің намазды тастауы иләһи азапқа ұшырататын үлкен күнәға жатады.

материал «Құпияға толы намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: