22
Жұма,
Қараша

һижри

Тиләуәт сәждесі деген не, қалай жасалады?

Тиләуәт сәждесі деген не, қалай жасалады?

Намаз

Тиләуәт сәждесі – Аллаға құрмет. Құран Кәрімнің 14 сүресінде сәжде аяты бар. Олардың бірін оқыған немесе естіген адамға сәжде ету уәжіп.

Сәжде аяты намазда оқылса, «Тиләуәт сәждесін» намазда жасау керек. Сәжде аятынан соң Құран оқу жалғасатын болса, сәжде аятын оқысымен тиләуәт сәждесін дереу орындап, қайта тұрып намазды жалғастыру керек. Егер сәжде аятынан кейін Құран оқуды жалғастырмайтын болса, бір, екі, ең көп дегенде үш аят оқып рүкуғ, сәждеге жығылады, осы сәждемен тиләуәт сәждесі орындалған болады, арнайы тиләуәт сәждесін жасау қажет емес.

Намазда оқылған сәжде аятын намазда емес адам естісе, сәжде етуі керек. Ал егер намазда тұрған адам намазда емес адамның оқыған сәжде аятын естісе, оған да намаздан кейін тиләуәт сәждесін жасау керек болады.

Намазда сәжде аятын оқыған адам намазда тиләуәт сәждесін жасау керек. Намаз біткенненн кейін жасалмайды. Имам намазда сәжде аятын оқыса, өзі де оған ұйып тұрған жамағат та сәжде жасайды. Тиләуәт сәждесі намаз оқуы міндет болғандарға уәжіп. Етеккір халіндегі, жаңа босанған әйелдерге уәжіп емес.

Намаздан тыс тиләуәт сәждесінің жасалуы:

Дәретті алып, құбылаға қарайды. Тиләуәт сәждесіне ниет етіп, қолдарын көтерместен «Аллаһу әкбар» деп сәждеге жығылады. Сәждеде үш рет «сүбхана раббил-ағла» дегеннен кейін «Аллаһу әкбар» деп ор- нынан тұрады. Тұрғанда: «Ғуфранәкә Раббәнә уә иләйкәл масиир» деп айту мұстахап. Сәжде бір рет жасалады. Сәждеден кейін сәлем берілмейді.

Құран Кәрімде сәжде аяты кездесетін он төрт сүре бар:

1) Ағраф сүресі (206 -аят)

2) Рағыд сүресі (15- аят)

3) Нахыл сүресі (48- аят)

4) Исра сүресі (107- аят)

5) Мәриям сүресі (58- аят)

6) Хаж сүресі (18- аят)

7) Фұрқан сүресі (60- аят)

8) Нәміл сүресі (25- аят)

9) Сәжде сүресі (15- аят)

10) Сад сүресі (24- аят)

11) Фұссилат сүресі (37- аят)

12) Нәжім сүресі (62- аят)

13) Иншиқақ сүресі (21- аят)

14) Алақ сүресі (19- аят)

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: