22
Жұма,
Қараша

һижри

Намаздан кейін дұға, зікір жасаудың маңыздылығы

Намаздан кейін дұға, зікір жасаудың маңыздылығы

Намаз

Жалпы парыз намаздардан кейін зікір айтып, дұға жасау – сүннет. Алла елшісінің (с.а.у.) бұған қатысты сахих хадистері жеткілікті.

Мысалы, Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен Мүслимдегі риуаятта Алла елшісі былай дейді: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «Субханалла», 33 рет «Әлхамдулиллә», 33 рет «Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһулмулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» деп айтса, теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі» (Сахих Муслим, 1-том, 418-бет). 

Басқа бір риуаятта: «Кімде-кім парыз намаздарының артынан аятул-курсиді оқитын болса, келесі намазға дейін Алланың қорғауында болады» делінген. Сондай-ақ, басқа бір хадисте Ъуқба ибн Амр былай дейді: «Алла елшіcі әрбір намаздан кейін «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерін оқуымды бұйырды». 


Қосымша айтылатын зікірлер мен дұғалар:

"Субхәнәл-лаһи уә бихамдиһи, субхәнәллаһил ъазыйм"
(Алла Тағала барлық кемшілік атаулыдан пәк. Және Ол барлық мақтауға лайық. Ұлы Алла кемшілік атаулыдан пәк.)

"Субхәнәл-лаһи уәлхамду лил-ләһи уә лә иләһә илләл-лаһу уәл-ллаһу әкбәр".
(Алла пәк. Ол барлық мақтауға лайық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла ұлы.)

"Лә хаулә уә лә қууәтә иллә би-ләһ".
("Барлық күш-қуат тек Аллаға ғана тән").

"Аллаһуммәғ-фир ли, уәрхамни, уәһдини, уә ъафини, уәр-зуқни".
(Ей, Алла! Мені жарылқа, маған рақымдылық ете гөр, мені тура жолға баста, меным Өзің қорғап әрі мені ризықтандыр".)

"Әстәғфирул-ләһә уә әтубу иләйһ".
(Мен Алладан жарылқау тілеймін, әрі Оған тәубе етемін.)

"Аллаһумма инни әс-әлукәл джәннәтә уә әстәджиру бикә минән-нәәр".
(Уа, Аллам! Мен өзіңнен Жәннатты сұраймын, әрі тозақтан Өзіңнен жәрдем сұраймын..)

Таңғы дұғалар:

"Аллаһуммә бикә асбәхнә, уә бикә әмсәйнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту уә иләйкәннушур.
(- Ей, Алла! Сенімен* таң атырдық. Және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз, әрі Сенімен көз жұмамыз және қайтар жеріміз Сен жақ.)

* Бұл дұғада "Сенімен" деген сөз "Сенің көмегіңмен деген мағынада".

"Аллаһуммә инни әс әлукә ъилмән нәфиъан уә ризқан тай-ибән, уә ъамәлән мутәқабәлә".
(Ей, Алла! Расында мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырыңда ) қабыл болатын амал сұраймын.)

 

материал «Раббыңды ертелі-кеш есіңе ал» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: