22
Жұма,
Қараша

һижри

Сүннет намазын оқитын кезде орын ауыстыру шарт па?

Сүннет намазын оқитын кезде орын ауыстыру шарт па?

Намаз

Парыз намаз оқығаннан кейін сүннет намазын оқу үшін орын ауыстыру шарт па? Мешітке жамағат намазына барғанда осы жағдайға куә боламын.

Шарт емес. Мұстахаб амал. Парыз намазын оқып болған соң, парыз намаз оқыған орыннан оңға не солға, алдыға не артқа жылжып, орын ауыстырып, сүннет намаздарды оқу мұстахаб амал екендігі «Раддул-мухтар» сияқты т.б. мәзһабымыздың классикалық фиқһи кітаптарында айтылған. Тағы бір айта кететін жайт, намаздарды оқығанда орын ауыстыру әрбір нәрсе ақыретте куәлік етеді деген түсініктен туындаған. Яғни, кісі бір орында парызды оқып, кейіннен сүннетті оқу үшін орын ауыстырса, ақыретте екі орын оның пайдасына куәлік етеді. Сол үшін де фиқһ кітаптарымызда орын ауыстырмай оқығаннан гөрі ауыстырып оқу мұстахаб деп айтылған.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: