22
Жұма,
Қараша

һижри

«Кімде-кім намазда «Фатиха» сүресін оқымаса...»

«Кімде-кім намазда «Фатиха» сүресін оқымаса...»

Намаз

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) былай деді:

«Кімде-кім намазда «Фатиха» сүресін оқымаса, біліп қойсын, бұл намаз кәміл емес, яғни, кемшілігі бар намаз», – деген сөзді үш рет қайталады».

Бірде Әбу Һурайрадан (р.а.): «Егер имамның артында тұрған болсақ, не істейміз?» – деп сұралды.

Ол былай деп жауап берді: «Сонда да іштей оқы. Өйткені мен Расулалланың (с.а.с.) былай деп айтқанын естідім: «Бір қудси хадисте Алла Тағала былай дейді: «Мен қырағатты Өзім мен құлымның арасында екіге бөлдім, жартысы Маған, жартысы құлыма әрі құлыма сұрағаны тиесілі. Құл «Әл-хәмду лилләһи раббил-аләмин» десе, Алла Тағала: «Құлым Маған шүкіршілік айтты», – дейді. Егер құл: «Әр-рахманир рахим» десе, Алла: «Құлым Мені мақтады», – дейді. Егер құл: «Мәлики иәумид-дин» (Дін күнінің иесі) десе, Алла: «Құлым Мені ұлықтады», – дейді. Егер де құл: «Ийәәкә нәғбуду уә ийәәкә нәстәғин» (Уа, Жаратқан!) Бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана медет тілейміз) – десе, Алла Тағала: «Бұл Мені мен құлымның арасындағы нәрсе, құлыма сұрағанын бердім», – дейді. Құл: «Иһдинәс сиратал мустәқим. Сиратал-ләзинә әнғәмтә әләйһим ғайрил-мағдуби әләйһим уә ләд-даллин» (Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке бөлеген (ізгі құлдарыңның) жолына (сала көр)! – дегенде, Алла: «Бұл құлымдікі. Әрі құлыма сұрағаны беріледі, – дейді».

Әбу Дәуіттегі риуаятта былай делінген: «...Расулалла (с.а.с.) маған: «Мәдинаға бар да: «Тек «Фатиха» сүресін болса да, Құранның бір бөлігін оқымайынша оқыған намаздарың намаз емес», – деп айт деді және бұған басқа ештеңе қоспады».

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: