11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйел адам тарауық намазына мешітке барса бола ма?

Әйел адам тарауық намазына мешітке барса бола ма?

Намаз

Тарауих намазына оқу үшін әйелдердің мешітке баруына бола ма? Себебі, ол жерде рухани аура бар әрі Құран тыңдап, уағыз естіп иманын күшейту мүмкіндігі болса?

Егер әйелдің мешітке баруына басқа да себептер болса, мысалы, білім алу, өзге мұсылман әйелдермен жүздесу немесе қажеттілікке байланысты үйден шығып, кейін намаз уақыты келіп қалса, ондай жағдайда мешітте намаз оқудың ешқандай жағымсыз тұсы жоқ. Керісінше, ғұламалардың айтуынша, күнделікті өмірде діндар мұсылман әйелдердің арасында жүруге мүмкіндігі жоқ әйелдерге (әсіресе, Батыс елдерінде көп кездесетін) маңызды факторлар арқылы иманын сақтап, дінін күшейту мақсатында мешітке немес ислам орталықтарына жиі баруы керек. Бұл маңызды факторларға пайдалы ілім, құлшылық, жақсы орта, Алланы барлық жағдайда еске алу т.б жатады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Әйелдеріңе мешітке баруды тыйым салмаңдар, алайда олардың үйлерінде оқыған намаздары олар үшін жақсырақ» дегенін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Әйелдеріңе мешітке баруға тыйым салмаңдар, олардың үйде оқуы жақсы болса да. Алайда, олар мешітке хош иістенбей шықсын!» - деген сөздерін де ескеруіміз керек.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: