11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тарауық намазын оқуға мотивация

Тарауық намазын оқуға мотивация

Намаз

Әдетте, қасиетті Рамазан айында оқылатын тарауих намазы көптеген мұсылмандардың нәпсілеріне ауыр келетіні жасырын емес.

Көпшілігіміз Рамазан айының алғашқы күндері тарауих намазына қатысуға ықыластылық танытқанымызбен, уақыт өте келе нәпсіміз көтермегендігі себепті белсенділігіміз азая түседі. Осы орайда, оқырмандарға қуат берер деген үмітпен, бірнеше хадистерді назарларңызға ұсынамыз.

"Рамазанның түндерінде иманмен және Алланың сауабына үміт етіп намаздарын оқыған адамның алдыңғы күнәлары кешіріледі." (Бухари, Муслим)  

"Ақиқатында, барлық намаздарды имаммен бірге ол кеткенге дейін оқыған адам түнімен намаз оқыған адамға тең." (Тирмизи, Әбу Дауд, Нәсәи)  

"... Егер бір пенде мешітке кірсе, және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендерден біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған:  "Ия, Алла! Оны рахметіңе бөле, Ия Алла! Оны кешіріп, жарылқа. Ия Аллаһ! Оның тәубесін қабыл ет."- деп тілейді. Және періштелердің оған жасайтын тілектері, ол адам сол отырысында біреуге азар беріп, қоймайынша немесе дәретсіздікке тап болмайынша жалғаса береді" (Бухари, Муслим)  

Саубан (Алла одан разы болсын) айтады: "Мен Пайғамбардан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жәннатқа кіргізетін амал жайында сұрадым. Сонда ол айтты:  "Көбірек сәжде ет. Өйткені Аллаға бір сәжде ететін болсаң, сол себепті Алла бір дәрежеге көтеріп, бір қатеңді өшіреді". (Муслим)

"Намаздың ең жақсысы – оның барысында тік тұру (қиям) ұзақ (орындалатыны)" (Бухари, Тахауи)  

"Қашан имам "Ғайрил-мағдуби алайһим уәладдаллин" деген кезде сендер де "әмин" деңдер, кімде-кімнің "әмин" деуі періштелердің "әмин" деуіне дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі." (Бухари)  

"Имам (рукуғтан тіктеліп жатып) "Сәмиғаллаһу лиман хамидаһ" дегенде сендер де "Аллаһумма Раббәнә ләкәл хамд" деп, айтыңдар. Егер кім де кімнің сол айтқаны періштелердің айтқан сәтіне сәйкес келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі" (Муслим, Тирмизи)  

"Кімде-кім Алла Тағала кітабынан бір аятты тыңдайтын болса, оған екі сауап жазылады. Ал, кімде-кім Алла кітабынан бір аятты тиләуат ететін болса, оған (сол аят) қиямет күні бір нұр болды." (имам Ахмад)

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: