22
Жұма,
Қараша

һижри

Намазда кәрі адам сияқтысың ба?

Намазда кәрі адам сияқтысың ба?

Намаз

Осыдан екі жыл бұрынғы тарауих намазын бір өте қарт адамның қасында тұрып оқыдым.

Байқағаным, оның орнынан түрегеліп, аяғына тұруы қиынға соқты (өте әлсіздігінен тербеліп, шайқатылып тұрды). Бірақ құптан намазы мен тарауих намазын толық тұрып оқыды. Оның бұл жағдайын біреулер көрсе, “отырып, біраз тынығып ал” деп кеңес айтар еді. Бірақ ол кісінің әрбір рәкағат сайынғы нық қимылынан оның Рамазан бойы Алла Тағала үшін тұрып тұруға дайын екенін және отыруға еш ниеті жоқтығын анық байқауға болатын еді.

Қарт адамның бұл қылығы маған біреуді қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты еңбектену керек екендігін еске салды. Егер де біз Алла Тағаланы шынымен жақсы көретін болсақ, онда біз сәл де болса оған деген сезімімізді білдіру үшін еңбектенуіміз керек емес пе?

Кез-келген жерде, кез келген әрекетіңде Алла Тағалаға өз ықыласыңды қалай көрсете аламын деп ойла. Тахажудқа ертесімен тұрасың ба, артық бір сүннет намазын оқисың ба немесе көшеге шығып, жоқ-жітікті тамақтандырасың ба, тағы сол сияқты ізгі, сауапты амалдар сені күтуде...

материал «Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: