22
Жұма,
Қараша

һижри

Егер бір кісі намазын жылдам оқитын болса…

Егер бір кісі намазын жылдам оқитын болса…

Намаз

Егер бір кісі намазын жылдам, тез бітіріп оқыса, намаз аманатына қиянат жасаған болады.

 «Пайғамбарымыз намаз оқыған сәтте Алла Тағаламен тіл табысып, Алла Тағалаға шерін тарқатып тұрғандай көрінетін. Намаздың рахатына бөленіп оқығаны сонша, солқылдап жылаған дауысын еститін едік», - дейді сахабаларының бірі.

 Егер сіздерден біріңіз намаз оқығанда дәреті дұрыс болмаса, сонымен қатар уақытынан кешіктіріп оқыса, намаз аманатына қиянат жасаған болады.

 Әрбір мұсылман дәретін таза алып, ғибадатын сабырмен орындаса, өзін Алланың алдында тілдесіп, тұрғандай сезініп, беріліп оқыса, намаздың рахатын алады.

 Erep намазды жылдам, әйтеуір оқып шығу мақсатымен, қарға жерден дәнді шұқығандай оқысаңыз, намаздың ешқандай рахатын сезбейсіз, сауабынан да құр қаласыз.

материал «Мұсылман сипаты» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: