22
Жұма,
Қараша

һижри

Ақшам намазының азанында дұға оқу – сүннет

Ақшам намазының азанында дұға оқу – сүннет

Намаз

Умм Саляма (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте:

«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған кешкі намазға азан шақырылған кезде: «Уа, Алла, бұл Сенің түніңнің жақындауы және күніңнің кетуі, әрі үгітшілеріңнің дауысы... Кешірші мені» (Аллаһумма иннә хәзә иқбәлу ләйликә уә идбәру нәһәрикә уә асуәту ду’әтикә фәғфирли), - деп айтуды үйретті.»

Бұл дұғаны азаншының сөзіне жауап беру барысында, не азан аяқталғаннан кейін оқуға болады.

Ибн Хажар әл-Әсқаләни бұл дұғаны тек кешкі намаздың азаны кезінде оқып, оны басқа кезде, мысалы, таң намазында оқу керек емес екенін айтты. Өйткені мұндай амалдар салыстыру (қияс) негізінде емес, Шариғат негізінде орнатылады.

материал «40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: