22
Жұма,
Қараша

һижри

Жолаушының құрлықтағы, судағы және ұшақтағы намазы

Жолаушының құрлықтағы, судағы және ұшақтағы намазы

Намаз

Алла Тағала: «Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, сендерге кейбір намаздарды қысқартуларыңда күнә жоқ», – деген.

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Алла сендерге Пайғамбарларың (с.а.с.) арқылы тұрғылықты кезде төрт ракағат, сапарда екі ракағат, ал қауіп-қатер кезінде бір ракағат намаз оқуды парыз етті», – деген.

Алла елшісі (с.а.с.) жолаушы намазының қысқаруы туралы: «Бұл – Алланың сендерге берген садақасы, ендеше, Оның садақасын қабыл алыңдар», – деп айтқан.

Ғұламалар: «Сапарға аттанғаннан Мәдинаға қайта оралғанша Алла елшісі (с.а.с.) төрт ракағат намазды екі ракағатқа қысқартқан. Қай сапарда болсын оның (с.а.с.) төрт ракағат оқығаны анықталған емес. Тек ақшам намазы қысқартылмай, үш ракағат болып оқылады. Бұл туралы барлық имамдар бір пікірге тоқтаған», – деген.

Кеме, пойыз және ұшақта намазды мүмкіндікке қарай оқуға рұқсат етіледі. Яғни тұрып оқуға шамасы келмесе, отырып оқиды. Құбылаға қарауға мүмкіндігі болмаса, ыңғайлы жаққа қарап, намаз оқиды. Алла елшісінен (с.а.с.) кемедегі намаз туралы сұрағанда, ол (с.а.с.): «Суға кетуден қорықпасаң, намазды түрегеп тұрған халде оқы», – деген.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: