21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Парыз намазды қандай жағдайларда үзуге болады?

Парыз намазды қандай жағдайларда үзуге болады?

Намаз

Оқып тұрған намазын мына жағдайларда үзуіне болады (мубах):

1. Жылан, шаянды т.б. қауіп төндірер жәндікті өлтіру;

2. Қашып бара жатқан хайуанды ұстау;

3. Отарға қасқыр шапқанда;

4. Қайнап, тасуға әзер қалған қазанды оттан алып қою үшін;

5. Ең аз бір күміс дирхамның құнына тең келер қомақты ақша немесе алтын-күміс сияқты өзінің не өзгенің құнды дүниесінің жоғалуынан қауіптенгенде;

6. Үлкен не кіші дәрет қатты қышағанда (уақыт шығуға таяса бұзбайды);

7. Діні бөтен кәпір адам келіп: маған Исламды түсіндір десе;

8. Толғақ қысып, босану сәті келгенде;

9. Баласы қатты жылап, зиян шегуінен қауіптенгенде;

10. Аяғы ауыр әйелдің дәл босану сәтінде уақыты кірген намазды оқымай, кейінге қалдыруына рұқсат;

11. Ұры-қарыдан қорыққан жолаушы кісіге намазын кешіктіріп оқуына рұқсат[1]. 

 

Мына жағдайларда оқып тұрған намазын бұзу уәжіп болады:

1. Апатқа ұшыраған адам көмек сұрағанда көмек беру;

2. Суға түншығып жатқанды құтқару;

3. Өртте қалған адамды құтқару;

4. Бір зағип жанның шұңқырға түсіп кетуінен қауіптенгенде;

5. Кішкене баланың төбеден құлап кетуінен, суға ағып кетуінен, көлік астына түсіп кетуінен, т.б. қауіптенгенде;

6. Өртті сөндіру;

7. Ата-анасы көмек сұрап шақырғанда. (Көмек үшін емес, жай шақырғаны үшін парыз намазды бұзбайды. Бірақ, нәпіл намаз оқып тұрғанда ата-анасы   жай шақырған жағдайда да бұзуы керек, әрине (жай шақырғанда) егер намаз оқып тұрғанын білмей шақырған болса. Ал біле тұра жай шақырса, нәпілді де бұзбауына құқылы)[2].

 

[1] Имам Шурунбүләли: Имдәд – 382-383 бет.
[2] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтәр – 4/189-191 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: