Намазды көзді жұмбай оқыған абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде былай деп ескертеді:
«Сендерден әлдекім намазға тұрғанда, көзін жұмбасын»[1].
Алла елшісінің бұл ескертуін ғалымдарымыз «жеңіл мәкруһке» балаған. Ол дегеніміз, намазда көзді жұмған болсаңыз да намазыңыз есептеледі, алайда көзді жұмбай оқу абзал дегенді білдіреді.
Десе де, намазды ықыласпен оқу үшін көзін жұмып жатса, оған рұқсат дейді Ханафи ғалымдары[2].
Алла жасаған құлышылқтарыңызды қабыл еткей!
[1] Имам Табарани; Хайсами, Мәжмағуз-зәуәид №2450 хадис. Сахаба Абдулла ибн Аббастан риуаят етілген.
[2] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz