Намаз соңында «сұбханаллаһ», «алхамдулиллаһ», «Аллаһу әкбар» деп тәспі (тасбих) тартқанда жүрегім әсерленсін, рахаттанайын деп емес, ең алдымен сауапқа кенелемін деп тартамыз.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаздан кейінгі тартылатын тәспінің артықшылығы жайында: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ», 33 рет «Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде «Лә иләәһа иллаллаһу уахдаһу лә шариика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа алаа кулли шаийн қадиир» деп айтса, теңіз толқынының көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі»[1], - деген. Мұсылман осы хадисті ескеріп, күнәм кешірілсін және сол зікірлерді тілге алған адамға берілетін сауапқа кенелейін деген үмітпен аталмыш дұғаларды айтады. Оның нәтижесі жүректің де тазалығын тудырары анық. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Сахих Муслим
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz