02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Жаттау қабілетімді арттыру үшін қандай намаз, дұға оқысам болады?

Жаттау қабілетімді арттыру үшін қандай намаз, дұға оқысам болады?

Намаз

Имам Тирмизидің хадис кітабында орын алған бір әлсіз хадистегі мәліметке сүйенсек (кей хадис ғалымдары бұл хадисті «жалған хадистер» қатарынан санаған), есте сақтау қабілетін жақсарту үшін Жұма түнінің ақырғы бөлігінде төрт рәкәғат намаз оқу керек екен. Дәлірек айтқанда: бейсенбіден жұмаға қараған түні.

Оның бірінші рәкәғатында «Фатихадан» кейін «Ясин» сүресі, екінші рәкәғатында фатихадан кейін «Духан» сүресі, үшінші рәкәғатында «Сәжде», ал төртінші рәкәғатында «Тәбәрак» сүресі оқылады. Соңғы отырыста «әттахият» дұғасын оқығаннан соң әдеттегідей екі иыққа сәлем беріп, намазын аяқтайды.

Одан кейін, «әлхамдуді» айтып Аллаға мадақ, Мұхаммед пайғамбар мен өзге пайғамбарларға салауат айтылады. Мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге, сондай-ақ, дүниеден өткен мүмин-мұсылмандарға жарылқау тіленеді. Осыдан кейін мына төмендегі дұға оқылады:

Арабша түпнұсқасы: 

Қазақша оқылуы:

«Аллаһуммәрхамни битәркиль Маъаси әбәдән мә әбқайтәни. Уәрхамни ән әтәкәлләфә мәлә яънини. Уәрзуқни Хуснән нәзар фимә юрдикә анни.

Аллаһуммә, Бәдиъассәмәуәти уәль Ард. Зәль Жәләли уәль Икрам. Уәль Иззәтил ләти лә түрам: Әсәлукә, Я, Аллаһу, Я Рахману, бижәләликә уә нури уәжһикә – ән түлзимә қолби хифзо китәбикә, кәмә ъалләмтәни. Уәрзуқни ән әтлуәһу ълян нахуи әлләзи юрдикә ъанни.

Аллаһуммә, Бәдиъассәмәуәти уәль Ард. Зәль Жәләли уәль Икрам. Уәль Иззәтил ләти Лә түрам: Әсәлукә, Я, Аллаһу, Я Рахману, бижәләликә уә нури уәжһикә – ән түнәууира бикитәбикә басари. Уә ән тутлиқа биһи лисәни, уә ән түфәррижә биһи ан қолби, уә ән тәшраха биһи содри. Уә ән тағсилә биһи бәдәни. Финнәһу лә юъинуни ъляль хаққи Ғойрук. Уәл ю’тиһи иллә Әнтә. Уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһиль ъалииль ъазим»[1] 

Осылайша аталмыш тәртіпке сай үш немесе бес яки жеті жұма оқысаңыз, Алланың қалауымен есте сақтау қабілетіңіз жақсарады деген үміттемін. Іләйім солай болғай!

 

[1] Имам Тирмизи: Сүнән – әд-дағауат. №3570 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: