28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Жұмада Құтпа оқылып жатқанда біреу сәлем берсе, сәлемін аламыз ба?

Жұмада Құтпа оқылып жатқанда біреу сәлем берсе, сәлемін аламыз ба?

Намаз

Жұма намазының Құтпасы оқылып жатқанда:

«Сәлемге жауап бермейді және түшкіргенге саулық тілемейді (йәрхамукәлләһ демейді)» - дейді Ханафи ғұламалары[1]. Мәкруһ болады[2].

Өйткені құтбаны тыңдау – парыз. Ал біреудің сәлемін алу құтпа оқылу барысында парыз болмайды. Сол себепті, сол сәтте сәләміне жауап берілмейді.

Сәлеміне қашан жауап берсе болады?

"Сәлеміне Құтпа аяқталғаннан соң жауап берсе болады" дейді Имам Мұхаммед (рахимаһуллаһ). Имам Ағзам Әбу Ханифадан жеткен кейбір ақпараттарда, Ұлық Имамның ондай сәтте «сәлемге іштей, жүрекпен жауап береді» дегендігі келтірілген[3].  

Түшкірген адам «әлхамдулилләһ» сөзін айта ма?

Имам Құтпа оқып жатқанда түшкірген кісі «әлхамдулилләһты» іштей, ойша айтады[4].

Қорытынды

Демек, жұма намазында имам құтпа оқып жатқан тұста, жұмаға келушілердің бірі сізбен сәлемдессе, оның сәлемін алмай, үндемей құтпаны тыңдап отыра бересіз. Ал сәлемдесушінің сәлеміне Құтпа аяқталғаннан соң қолын алып, «уағалейкумуссәләм» деп жауап берсеңіз болады немесе сәлем берген сәтте сәлемге іштей, ойша жауап берсеңіз де қате емес.

 

[1] Имам Құдури: «әт-Тәжрид» - Китәбуссаләһ. №245 мәселе.
[2] Имам Кәсәни: «әл-Бәдәиъ» - Китабуссаләһ – «Хүкмуль Хутба».
[3] Бұрхануддин ибн Мәзә әл-Бұхари: «әл-Мұхитуль Бұрһани» - Китабуссаләһ - 25 бөлім.
[4] Бұрхануддин ибн Мәзә әл-Бұхари: «әл-Мұхитуль Бұрһани» - Китабуссаләһ - 25 бөлім.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: