21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Ұмытылған сүннет: Дұха намазын мешітте оқу

Ұмытылған сүннет: Дұха намазын мешітте оқу

Намаз

Әбу Умама (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім үйінен дәрет алып, парыз намазын оқу үшін [мешітке] шықса, оның сауабы ихрамдағы қажының сауабындай болады. Ал кімде-кім [мешітке] дұха намазын оқу үшін ғана шықса, оның сауабы ұмраны орындаушының сауабындай болады. Ал кімде-кім бір намаздан кейін келесі намазды араларында бос сөз айтпай, оқи берсе, оны Ғиллийюн кітабындағы жазба күтеді», - деп жеткізеді. (Әбу Дәуд, No 558; Ахмад 5/268).

Ибн Хажар әл-Хайтами нәпіл намаздарды үйде оқу мешітте оқудан гөрі абзал. Бірақ, бұл хадисті негізге ала отырып, дұха намазының үкімі бөлек: оны мешітте оқыған абзал екенін жазады.

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: