10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқып тұрғанда назарымыз қайда болу керек?

Намаз оқып тұрғанда назарымыз қайда болу керек?

Намаз

Мұсылман адам намаз оқып тұрған сәтінде «хушуғ» күйінде болмағы керек. Өйткені Алла Тағала «намазды хушуъпен» оқитындарды мақтаған.

Сондықтан да, намазда тұрғанда артық әрекеттерге бармай, тұла бойымызбен беріліп «хушуъ» халінде болғанымыз жөн. Ал егер жан-жаққа қарап, көзімізді әр жерге жүгіртіп тұрсақ, бұл хушуъ күйін жоғалтады екен. Алла елшісі намаз оқып тұрған бір адамға қарасты «егер оның жүрегі хушуъ күйінде болғанда, барлық ағзалары да хушуъ күйінде болар еді» деген екен. Сол үшін намазда тұрған адамның назары қайда қарау керек дегенге қатысты жауап іздеп көрелік. 

1) Қиямда тіке тұрған адамның назары – сәжде жасайтын жерінде болуы керек екен. Бұл - сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазда тіке тұрғанда көзін сәжде жасайтын жерінен айырмайтын. Өйткені бұлай істеу Жаратушыны ұлықтау мақсатына тез қол жеткізер әрекет. 

2) Рүкуғ жағдайында намаз оқушының назары – аяқтарының ұшында болады дейді ғалымдар.

3) Ал сәждеге барған кезінде назары мұрынның ұшында болмағы керек.

4) Қағдаға отырғанда тізесіне,

5) Сәлем берерде иық ұшына қарауы керек1

Бұлар намаздың мұстахабтарына жатады. Алла намаздарыңызды қабыл етсін!

 

1Имам Кәсәни: «бәдәиъуссанаиъу», мұстахабатус саләт.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: