22
Сейсенбі,
Қазан

һижри

Әйел адам сәждені қандай көріністе орындайды?

Әйел адам сәждені қандай көріністе орындайды?

Намаз

Сұрақ: Әйел адам сәждені қандай көріністе орындайды?

Жауап: Әйел сәжде жасағанда денесін жинақы ұстап, ішін санына тигізуі керек, өйткені бұл әрекеттердің барлығы әйел адамның жасырын болуына мүмкіндік береді («Һидая», 1 том, 53 бет).

Язид ибн Әби Хабиб былай дейді: «Бірде Алла елшісі (с.ғ.с) намаз оқып жатқан екі әйелдің қасынан өтіп бара жатып, оларға: «Сәжде жасаған кезде дене мүшелеріңнің жерге тиіп тұрғанына көз жеткізіңдер, өйткені бұл жерде әйел еркекке ұқсамайды», - деді. Абдулла Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз “Әйел адам намаз кезінде отырғанда өз қимылдарын жасырын істеу үшін бір бөксесін келесісіне қоюы, ал сәжде жасаған кезде ішімен санына жақындауы қажет. Шүбәсіз, Алла ол әйелге қарап періштелерге: “Уа періштелерім, куә болыңдар, мен оны кешірдім”- дейді.

Имам Абдур-Разақ "Мусаннаф" кітабында мына хадисті жеткізген: Әли "Әйел сәжде жасағанда сақтануы қажет және екі санын ішіне тигізіп оқуы керек." Әли хабарда келтірілген Байхақида «Әйел сәжде жасағанда, сандары бір-біріне тиген күйде жасалуы қажет" - дейді. Ибрахим Ан-Нахағи былай дейді: "Әйел сәжде жасағанда ішін екі санына басуға,қол аяқтарын жазбауға және жанбастарын еркектерше көтермеуге бұйырылды"  (Мусаннаф ли Абдур Раззақ, 3-том, 138-бет).

Ибраһим ибн Язид Ән-Нахағи (рахимаһуллаһ) (һижри 96 жылы қайтыс болған) сахаба Абдулла ибн Масғудтың(Алла оған разы болсын) шәкірті Ирак өңірінің фақиһ ғалымы әрі хадисте «сиқа\сенімді», оның риуаят еткен хадистерін Нәсаи, Әбу Дәуіт, Дарақутни сынды ғұламалар өз хадис жинақтарына енгізген, ол балалаық шағында Айша анамыздың көзін көрген кісі. «Хишам Хасанның «әйел сәжде жасағанда қолдары мен аяқтарын денесіне жақын ұстауы керек»,- дегенін жеткізеді.

Хасан әл-Басри: «Хишам Хасанның «әйел сәжде жасағанда қолдары мен аяқтарын денесіне жақын ұстауы керек», - дегенін жеткізеді («Мусаннаф ли Ибн Әби Шайба» 1 том, 270 бет).

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: